Қайрат Мәми сексеуілдің барлық түрлерін Қазақстанның Қызыл кітабына енгізуді ұсынды

АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат - Кеше, қыркүйектің 30-ында өткен құқық қорғау және табиғат қорғау органдарының экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы тұру мәселелері қарастырылған Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары үйлестіру кеңесінің отырысында Кеңес Төрағасы Қайрат Мәми сексеуілдің барлық түрлерін Қазақстанның Қызыл кітабына енгізуді ұсынды.

Қайрат Мәми сексеуілдің барлық түрлерін Қазақстанның Қызыл кітабына енгізуді ұсынды

Сонымен қатар, Қ.Мәми құқық орғау органдарының бірлескен күшімен Орал-Каспий бассейніндегі браконьерлік, «уылдырық» және «балық» бизнесіне маманданған ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтап, таратуды, сондай-ақ осы заңсыз жұмысты жасырып отырған мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын әшкерелеуді тапсырды.