Қайрат Мәми Жоғарғы Сот департаментінің жаңа басшысын таныстырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Қайрат Мәми Жоғарғы Соттың судьялары мен аппаратына Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің жаңа басшысын таныстырды.

Қайрат Мәми Жоғарғы Сот департаментінің жаңа басшысын таныстырды

ҚР Жоғарғы сотының Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің жаңа басшысы Абай Тоқсаба таныстырылды

А.Тоқсаба 1960 жылы дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған. Экономист, заңгер, экономика ғылымдарының кандидаты.

Жоғарғы Кеңес Аппаратының Қаржы-шаруашылық істері басқармасының сектор меңгерушісі, Сенат аппаратының Өңірлік даму және жергілікті өзін-өзі басқару комитетімен өзара байланыс жасау бөлімінің, Әкімшілік бөлімінің меңгерушісі, Аппарат басшысының орынбасары, Ұйымдастыру-бақылау және кадр, Редакциялық-баспа бөлімдерінің меңгерушісі болып қызмет атқарған.

null