Қайрат Мәмидің Өкімімен Парламент Сенаты Аппаратының басшысы болып Қайрат Нұрпейісов тағайындалды

АСТАНА. 29 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмидің Өкімімен Парламент Сенаты Аппаратының басшысы болып Қайрат Нұрпейісов тағайындалды.
None
None

Қ.Нұрпейісов Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. Мамандығы экономист.

Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрінің орынбасары, мемлекеттік кіріс министрінің орынбасары болып жұмыс істеген.

2002 жылы Павлодар қаласының әкімі, 2003 жылы Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды. Павлодар облысын 6 жыл басқарды.

2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.

2009 жылғы тамызда Мемлекет басшысының Жарлығымен Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің төрағасы болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен және медальдармен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар