Қайрат Мәмидің төрағалығымен Парламент Сенатының бюро отырысы өтті

АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен болған Парламент Сенатының бюро отырысында Парламент Мәжілісінде мақұлданған заң жобасы Сенаттың тұрақты комитеттеріне және палата Аппаратына берілді.

Қайрат Мәмидің төрағалығымен Парламент Сенатының бюро отырысы өтті

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде әскери мақсаттағы өнім жасауға қатысатын кәсіпорындар мен ұйымдардың мамандануын сақтау туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын одан әрі пысықтау үшін Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті бас комитет болып белгіленді.

Бюрода сондай-ақ палатаның 2012 жылғы 5 сәуірдегі кезекті отырысының күн тәртібіне ұсыныстар да қаралды.

Депутаттардың талқысына Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға Испания Корольдігінің қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылатын болды.

Отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғалған байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарау да жоспарланып отыр.