Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Сенат бюросының отырысы болды

АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен болған Сенат бюросының отырысында Парламент Мәжілісінде мақұлданған заң жобалары палата комитеттеріне бөлініп берілді, деп хабарлады ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
None
None

Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Қаржы және бюджет комитеті зерделейтін болды.

Ал «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне берілді.

Бюро отырысында сонымен бірге палатаның 5 мамырда болатын кезекті жалпы отырысының күн тәртібі туралы комитеттердің ұсыныстары қаралды.

Алдағы жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Корея Республикасы дипломатиялық өкілдіктерінің ғимараттарын салу үшін Астана қаласында жер учаскелерін беру туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Валюталық саясаттың келісілген қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобалары талқыланатын болды.

Отырыста сондай-ақ екінші оқылымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралады.

Соңғы жаңалықтар