«Қайрат» Мәскеудің «Динамосын» ұтып, УЕФА Кубогының иегері атанды

АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Алматылық «Қайрат» футзал бойынша УЕФА Кубогының ақтық сайысында мәскеулік «Динамоны» 4:3 есебімен жеңді.
None
None

Sports.kz -тің хабарлауынша, бірінші голды бұрыштамадан Алешандре Мораэс соқты. Қазақстандық Сергей Сергеев таймның соңына таман есепті теңестірді - 1:1. Екінші таймда Лео Сантана алматылықтарды алға шығарды, одан кейін оның клубтастары Фумаса мен Игита айырмашылықты еселей түсті - 1:4. 36-ыншы минутта динамошы Сирило оны 2:4-ке дейін қысқартты, ал бір минуттан кейін Тату қазақстандықтарға соңғы голды соқты.

Айта кетейік, үшінші орынды испандық «Барселона» иеленді, төртінші - Грузияның «Иберия Стар» командасында.

Соңғы жаңалықтар