Қайрат Нұртас концертіне билетті өзі сатпақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әнші Қайрат Нұртас 21 желтоқсан күні «Алматы Аренада» өтетін концерт билеттерін сату үшін өзі кассада тұратын болды.
Бұл туралы Қайрат өзінің Инстаграммдағы парақшасында хабарлады. Келушілер әншімен бірге селфиге түсіп автораф ала алады.
«02.12.2016 күні сіздерді 14:00-ден 17:00-ге дейін «Республика сарайы» кассасында күтемін. ӨЗІМ КАССИР БОЛАМЫН☝😎 21.12.2016 күні Алматы Аренада болатын əн кешіме билеттерді өз қолымнан сатып ала аласыздар. + SELFIE + АВТОГРАФ», - деп жазды әнші парақшасына.
#KN_SHOW #GakkuNews 02.12.2016 күні сіздерді 14:00-ден 17:00-ге дейін "Республика сарайы" кассасында күтемін. ӨЗІМ КАССИР БОЛАМЫН☝😎 21.12.2016 күні Алматы Аренада болатын əн кешіме билеттерді өз қолымнан сатып ала аласыздар. + SELFIE + АВТОГРАФ Толығырақ: +7 747 555 4080 +7 747 333 8852 нөміріне хабарласып біле аласыздар! @kairat_nurtas_concert