Қайрат Нұртас «көп балалы әке» атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның танымал әншісі Қайрат Нұртас төрт баланың әкесі атанды. Қайраттың жары Жұлдыз өмірге Хан есімді ер баланы әкелді, деп жазады neke.kz.

Қайрат Нұртас «көп балалы әке» атанды

Естеріңізге сала кетсек, Қайрат Нұртас жары Жұлдызбен 2007 жылы отбасын құрған. Қайраттың Сезім мен Алау есімді екі қызы және Нарұл есімді ұлы бар. neke.kz сайтының жазуынша, бұл ақпаратты Қайрат Нұртас растамайды.