Қайрат Нұртас магистратураға оқуға түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан эстрадасының атақты әншілерінің бірі Қайрат Нұртас Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіне магистратураға түсті. Бұл туралы әншінің фан-клубының Инстаграмдағы ресми парақшасында хабарланды.
«Қайрат Еуразия Ұлттық университетінің магистратурасына оқуға түсті. Бүгін ол сабаққа барды», - деп жазылған парақшада.
Әншінің өзі Инстаграмдағы парақшасына тамыз айының соңында міндетті пәндердің бірі болып табылатын ағылшын тілі сынағынан өткені туралы сертификатпен түскен фотосын орналастырған. Онда Қ.Нұртас мүмкін 100 ұпайдың 85 ұпайын жиыпты.