21:26, 15 Наурыз 2017 | GMT +5
Қайрат Нұртастың концертінде жоғалған тонды қайтарған әйелге сүт тартатын машина сыйға тартылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарлық полицейлер Қайрат Нұртастың концертінде жоғалып кеткен тонды қайтарып берген Қалқаман ауылының тұрғынына сүт тартатын электр машинасын сыйға тартты.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, бөтен адамның киімін иесіне алып келген зейнеткердің адалдығын тәртіп сақшылары ерекше бағалап, ынталандыруды жөн көрген, деп хабарлайдыpavlodarnews.kz.
Алайда ақшалай сыйақыдан бірден бас тартқан ауыл тұрғыны мал ұстайтындықтан көптен бері тоқ сепараторын алуды армандап жүргенін айтқан.
Еске сала кетейік, 8 наурыз күні Естай атындағы мәдениет сарайында Қайрат Нұртастың «Жұбатуға арналады бұл әнім» атты ән кешінен кейін қала тұрғыны Алмагүл Байделдинова құндыз тонынан айырылып қалған болатын. Кеше тонды киіп кеткен адамның немересі қысқы киімді иесіне қайтарып берді.