«Қайрат» ойыншысы Әзербайжанға қарсы кездесуге қатыспайтын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қайраттың» қорғаушысы Станислав Лунин Қазақстан және Әзербайжан құрамаларының жолдастық кездесуінде алаңға шыға алмайды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

«Қайрат» ойыншысы Әзербайжанға қарсы кездесуге қатыспайтын болды

Қазақстан құрамасының оң қанаттағы қорғаушысы Станислав Лунин Әзербайжанға қарсы жолдастық кездесуге қатыса алмайды. 25 жастағы қорғаушы байқаусызда сан бұлшықетін зақымдап алып, ойын алдындағы жаттығуға қатысқан жоқ. Лунин бұған дейін де дәл осындай жарақат алған болатын. Сондықтан бапкерлер штабы тәуекелге бармауға шешім қабылдады.

Еске сала кетейік, Қазақстан және Әзербайжан құрамалары бүгін 20:00-де «Астана Аренада» жолдастық кездесу өткізеді.