10:17, 27 Ақпан 2012 | GMT +5
«Қайрат» пен «Химки» футбол клубтар арасындағы жолдастық кездесу 0:1 есебімен аяқталды
АЛМАТЫ. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Түркияда соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Қайрат» футбол клубы кезекті жолдастық кездесуін өткізді.

Алматылықтар Ресейдің бірінші лигасында өнер көрсететін Химки қаласының командасына 0:1 есебімен есе жіберді. Олар енді Иранның «Сепахан Спорт» командасымен кездеседі. Дмитрий Огай жаттықтыратын «Қайрат» Исфаһан қаласының футболшыларымен бұл жолдастық кездесуді бастапқыда 25 ақпанға жоспарлаған болатын. Енді 2-наурызға дейін Австрияның Зальцбург қаласының «Ред Булл Зальцбург», Украинаның Ужгород қаласының «Говерла Закарпатье» және Львов қаласының «Погонь» командаларымен күш сынаспақ.