Қайрат Сатыбалдыұлы 2 ай мерзімге қамалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда соты күдікті Қайрат Сатыбалдыұлын қамауда ұстауға қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайрат Сатыбалдыұлы 2 ай мерзімге қамалды

«2022 жылғы 15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.Сатыбалдыұлына қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген таратылған мәліметте.

Сонымен қатар, қылмыстық процестік кодекстің 201 бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректерін жария етуге жол берілмейтіні айтылған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуде.

Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Ақорда
Ұқсас жаңалықтар

Польшадағы Қазақстан азаматы бостандыққа шықты: Тоқаев шетелдік көшбасшыларға көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты