«Қайрат» шағын футболдан УЕФА Кубогының қола жүлдегері атанды

АЛМАТЫ. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Шағын футболдан Алматының «Қайрат» клубы Екатеринбургте өткен УЕФА Кубогы жарысында қола жүлдегер атанды,

«Қайрат» шағын футболдан УЕФА Кубогының қола жүлдегері атанды
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алматылық клуб биыл Қазақстан чемпионатында 6-шы рет, ал Қазақстан кубогында 5-ші рет жеңіске қол жеткізген болатын. Енді ол УЕФА кубогының қола жүлдегері атанып отыр. Жартылай финалда Испанияның «Интервью» командасынан 5:0 есебімен ұтылған болатын. Үшінші орын үшін болған сында 2-ші минутта жылдам есеп ашқан «Қайраттың» қарқынына мәскеулік «Динамо» төтеп бере алмады. Аса тартысты өткен ойында олар есепті теңестіру үшін кездесудің соңғы секундына дейін таласты. Алматылықтар осы жеңісі арқылы соңғы 3 маусымның ішінде 4-ші рет үздік төрттіктің қатарынан орын алып отыр.