«Қайрат» тарихта тұңғыш рет УЕФА Кубогының финалына шықты

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
Алматылықтар есепті Фумастың көмегімен матчтың үшінші минутында-ақ ашты. «Барселонаның» футзалдықтары еселерін бес минуттан кейін ғана қайтара алды. Бірақ келесі шабуылда-ақ Фумас «Қайратты» қайта алға шығарды. Дегенмен испандықтар Торрастың голының арқасында ойынның соңына дейін есепті теңестіре алды.
Екінші таймның басында испандықтар басымдық танытқанымен, алматылықтар көп ұзамай оларды қуып жетті. Қазақстандық команданы алға жылжытқан, екінші таймның соңына бес минут қалғанда гол соққан Лео болды. Ал Фумас допты испандықтардың бос қақпасына бағыттап, хет-трик жасады. «Барселона» матчтың соңына екі секунд қалғанда бір доптың есесін қайтара алды, бірақ басқасына уақыттары жетпеді.
Айта кетейік, «Қайрат» турнирдің екі мәрте қола жүлдегері болды, ал «Барселона» оның жеңімпазы болып табылады.
Еске салайық, алғашқы финалист Грузияның «Иберия Стар» командасын 5:2 есебімен ойсырай жеңген мәскеулік «Динамо» болды. Финалдық ойындар жексенбі, 28 сәуір күні өтеді.