«Қайрат» УЕФА кубогы иегері атағын қорғамақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - 24-26 сәуір күндері Алматының «Қайрат» футбол командасы шағын футболдан УЕФА кубогының төрттік финалы аясындағы кездесулерге қатысып, өзінің кубок иегері атағын қорғайтын болады, деп хабарлады команданың баспасөз қызметінен.

«Қайрат» УЕФА кубогы иегері атағын қорғамақ

«Бакудегі сыйымдылығы 2200 жанкүйерге арналған «Серхедчи» олимпиадалық спорт кешенінде өтетін турнирге УЕФА кубогының иегері Алматының «Қайрат», испандық «Барселона», әзербайжандық «Араз» және мәскеулік «Динамо» клубтары қатысады», - делінген хабарламада.

Кездесу кестесі (Баку уақыты бойынша - Астана уақытымен екі сағат айырмашылық бар)

24 сәуір

18:30 Қайрат - Динамо 21:00 Араз - Барселона

25 сәуір демалыс күні

26 сәуір 19:00 үшінші орын үшін матч 21:30 Финал

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Алматының «Қайрат» командасы отандық шағын футбол тарихында алғаш рет жартылай финалда Испанияның «Барселонасын», ал финалда Мәскеудің «Динамосын» ұтып, УЕФА кубогының иегері атанған болатын.