«Қайрат» үш легионерінің кеткені туралы ресми хабарлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қайрат» клубының ресми сайты Иво Иличевич, Акош Элек және Хуан Фелипе алматылықтар сапынан кететіні туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды sports.kz.
31 желтоқсан күні аталған үш футболшының клубпен жасаған еңбек келісімшартының мерзімі аяқталады.
Хорватиялық жартылай қорғаушы Иво Иличевич «Қайрат» сапына 2017 жылғы қаңтарда қосылған. 41 матчта 15 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген. Акош Элек 2017 жылдың наурызында алматылық ұжымға келіп, 63 ойында 3 нәтижелі пас берген. Биылғы наурызда келген Хуан Фелипе де үш нәтижелі пас берген. Ол алматылықтар сапында 30 матчта ойнады.
«Қайрат» футбол клубы ойыншылардың үшеуіне де алғыс білдіріп, алдағы мансабына сәттілік тілейді.