«Қайраттан» тағы бір футболшы кетіп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматылық «Қайрат» ФК-ның сербиялық қорғаушысы командадан кетіп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
«Тараптардың келісімі бойынша, Жарко Маркович «Қайрат» ФК-дан кетіп жатыр. «Қайрат» ФК Жаркоға жемісті еңбегі үшін алғыс айтып, мансабына табыс тілейді», - делінген клубтың хабарламасында.
Қорғаушы «Қайратқа» 2014 жылдың маусымында келіп, командамен бірге Қазақстан чемпионатында, Суперкубок пен ел Кубогында күміс, қола жүлдеге ие болды. Жарко алматылық клубтың құрамында 109 матч өткізіп, 9 рет голмен ерекшеленген.
Еске сала кетсек, бұдан бұрын алматылық «Қайраттың» ивуариялық шабуылшысы Жерар Гоу командадан кететінін мәлім еткен болатын.