Қайраттықтар мен журналистер арасында шағын футболдан жолдастық кездесу өтті
Аталған шара Алматыда алғаш рет өтетін УЕФА кубогінің финалына орайластырылған. Алдыда өтетін ширек финалға дайындық барысында «Қайрат» ШФК әлемнің түрлі елдерінде кәсіби командалармен бірнеше жолдастық кездесулер өткізген.
«Негізінен БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан жарыстар өткізіліп тұрады, соның биік шыңы Сидахмет Бердіқұлов атындағы сайыс. Осы сайыстың кубогін бірнеше рет ұтып та алдық. Спорт тақырыбын арқалап жүрген журналистер үшін бұл сайыс үлкен сынақ. Сонымен қатар жарыстың мән-мағынасы жайында толықтай мағлұмат алуға көмектеседі. Осындай жарыстардың ішінде жүріп түрлі жағдайлар болатынын немес бір сәтсіздіктердің орын алатынын байқап, түсінесің», -дейді «Хабар» арнасының журналисті Амангелді Сейітхан.
Қайраттықтардың басымдылығымен басталған ойын өте тартысты өтті. Дегенімен екінші кезеңде журналистер ұпай санын арттырып ойынды 6:6 аяқтады, бірақта пеналти барысында Қайраттықтар 2:1 ұпайымен жеңіске жетті.
"Тамаша ойын болды - өте әсерлі және көрнекті. Шын мәнінде әуесқой командадан мұндай қайсарлықты күтпеген едік, олар ойынды өте жоғары деңгейде өткізді. Ойын әдістемесі, кейбір тактикалық жүрістерінен олардың футболдан, футзалдан хабары бар екені көрініп тұр", -дейді «Қайрат» ШФК-ның президенті Қайрат Оразбеков.