«Қайраттың» бұрынғы қақпашысы «Тобылға» келді
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - «Тобыл» футбол клубы бапкерлер құрамына белгілі қақпашы Евгений Набойченко қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін «Қайраттың» бұрынғы қақпашысы Евгений Набойченко
қостанайлықтардың бапкерлер қосынын толықтырды.
Евгений Набойченко - түрікмендік футболшы, Түрікменстан Ұлттық футбол құрамасының экс-қақпашысы. Ашхабадтың «Копетдаг» клубымен бірге Қазақстанның бірнеше клубтарында ойнап, кейін Қазақстанға біржола орнығып қалды, қазір Қазақстан азаматтығын алған. Түрікменстан құрамасында 1997-2004 жылдар аралығында ойнады.
Футболшылық карьерасын аяқтаған соң Қазақстанның бірнеше клубтарында қақпашылар бапкері боп қызмет атқарды.
Жетістіктері:
Түрікменстан чемпионы: 1992, 1993, 1994, 1995, 1997
Түрікменстан вице-чемпионы: 1996, 1998
Түрікменстан кубогы: 1993, 1994, 1996, 1999
«Қайрат»
Қазақстан чемпионы: 2004
Қазақстан кубогы: 1999/2000, 2001, 2003
Айта кетейік, жақында «Тобыл» командасына поляк маманы Марек Зуб бас бапкер ретінде тағайындалды.