«Қайраттың» экс-форварды Жерар Гоу Қытайда ойнайтын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматының «Қайрат» клубының бұрынғы ойыншысы Жерар Гоу мансабын Қытайда жалғастыратын болды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Қайраттың» экс-форварды Жерар Гоу Қытайда ойнайтын болды

Кот д'ивуарлық шабуылшының жаңа командасы - «Бэйцзин Энтерпрайзес» Қытайдың екінші лигасында ойнайды. Гоу бұл клубқа еркін агент ретінде ауысты.

Форвард «Қайрат» сапында 2014-17 жылдары өнер көрсетіп, үш дүркін ҚР чемпионатының үздік сұрмергені, ҚР Премьер-лигасының күміс жүлдегері және Қазақстан Кубогының жеңімпазы болды.

Еске сала кетейік, Жерар «Қайраттан» кететіндігі туралы 2017 жылдың қарашасында мәлімдеген болатын.