20:15, 19 Қазан 2017 | GMT +5
«Қайраттың» УЕФА кубогындағы қарсыластары анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА Кубогының Элиталы раунды бойынша жеребе тастау өтті. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

«Қайрат» D тобына түсті. Енді алматылықтар испандық «Интер», португалиялық «Брага» және румындық «Дева» командаларымен бақ сынайтын болады. Матчтар 21-26 қараша аралағында (ойынның нақты күндері кейін белгілі болады) Испанияның Торрехон қаласындағы «Интердің» «Пабеллон Каха Мадрид» атты өз аренасында өтеді.
Еске салайық, биыл Какау командасы еуропалық титулдың иегері «Интермен» екі рет кездесті. УЕФА 2016/17 төрт кубогының финалында «Қайрат» жартылай финалда «Интерге» есе жіберді (2:3). Бірақ осы маусымда Маноэль Саориннің кубогы аясында біздің команда қарымта қайтарды - 4:1.