«Қайраттың» жас аяқдопшылары Түркиядағы халықаралық турнирді сәтті өткізуде

АЛМАТЫ. 29 наурыз. ҚазАқпарат - Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан «Түрік демалыстары» халықаралық турнирін «Қайрат» футбол клубының 1998 жылғы жасөспірімдері сәтті өткізуде.

«Қайраттың» жас аяқдопшылары Түркиядағы халықаралық турнирді сәтті өткізуде

Олар Болгарияның Пловдив қаласының «Ботев» командасын 1:0, Грузияның Тбилиси қаласының «Локомотив» командасын 4:2 есебімен ұтып, Ресейдің Мәскеу облысының «Мастер-Сатурн» командасынан 1:2 есебімен жеңіліс тапты. Отандық команда 6 ұпаймен турнир кестесінде 3-ші орында келеді. Бүгін олар 7 ұпаймен көш бастап келе жатқан алаң иелерінің «Аланьяспор» командасымен кездеседі. Ертең ақтық ойынын қоржынында бірде-бір ұпайы жоқ Ресейдің Находка қаласының «Океан» командасымен өткізеді.

Ал турнир кестесінде 7 ұпаймен 2-ші орында келе жатқан «Мастер-Сатурн» бүгін «Ботевпен», ертең «Локомотивпен» кездеседі. Олар бұған дейін 2 ойында басым түсіп, жарыс қожайындарымен 1:1 есебімен тең түскен болатын.