«Қайсар» африкалық футболшымен келісімшартқа отырды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорданың «Қайсар» командасы Гвинея-Бисау құрамасының 26-жастағы ойыншысы Проспера Мендимен келісімшартқа отырды. Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Африкалық футболшы кәсіби мансабының басым бөлігін Еуропа клубтарында өткізді. Бұған дейін Францияның «Монфермайл», Норвегияның «Стремсгодсет», Бельгияның «Виртон» және Болгарияның «Спартак Варна» клубтарында доп тепті.

Айта кетсек, бұған дейін команда басшылығы қақпашылар – Нұрымжан Салайдин, қорғаушылар – Абылайхан Төлегенов пен бразилиялық Жоао Педро де Оливейра, жартылай қорғаушылар – Дидар Жалмұқан, Руслан Сақалбаев және Мағжан Бауыржанмен келісімшартқа қол қойды.

Бұдан бұрын «Қайсар» командасына жаңа бас бапкер тағайындалғанын жазған болатынбыз.

Фото: «Қайсар» футбол клубы

Соңғы жаңалықтар