«Кайсар» бірінші рет «Ертістің» қақпасына 4 бірдей гол салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қайсар» мен «Ертістің» 6-турдағы ойыны 4:2 есебімен қызылордалықтардың пайдасына шешілді, деп хабарлайды sports.kz.

«Кайсар» бірінші рет «Ертістің» қақпасына 4 бірдей гол салды

Бір атап өтерлігі, «Қайсар» бұған дейін Қазақстан чемпионаттарында павлодарлық «Ертістің» қақпасына төрт рет гол салып көрген емес. Бұған дейін аталған командалар 32 рет кездесті. 1992 және 2012 жылдары «Қайсар» 2:0 есебімен ұтса, 2008 жылы 3:1 есебімен басым түскен болатын.