«Қайсар» клубына жаңа директор тағайындалды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, облыстық футбол федерациясының президенті Садық Мұстафаевтың бұйрығымен Эдуард Борисович Глазунов «Қайсар» ФК директоры болып тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

«Қайсар» клубына жаңа директор тағайындалды

Эдуард Глазунов Алматы қаласындағы Қазақтың  дене тәрбиелеу мәдениеті институтын, Мәскеудегі Дене шынықтыру, спорт және туризм мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру, спорт және футбол» мамандықтары бойынша бітірген.

null  

Бірнеше футбол клубтарында аға және бас жаттықтырушы, «Қайрат» ФК спорт жөніндегі директордың орынбасары,«Арман» ФК спорт жөніндегі директоры,  «Қайсар» ФК директоры қызметтерін атқарды.