Қайсар Жұмабайұлы ҚР ИДМ-ның ресми өкілі атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қайсар Жұмабайұлы ҚР ИДМ ресми өкілі атанды. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Фэйсбуктегі парақшасында мәлім етті.
None
None

«ИДМ еліміздегі ашық меморганның біріне айналуын қалаймыз. Қазір министрлік өзгеруде, барлық рұқсат құжаттары электронды нұсқаға ауыстырылуда, ХҚО-ларда инвесторларға қызмет көрсету бойынша бөлімдер аштық. Қоғамдық кеңес жұмысын бастады. Қоғамға маңызды шешімдеріміздің барлығын түсіндіруге тырысамыз.

Бүгін бір жаңалықты жария еткім келеді - министрлігімізде ресми өкіл болады. Ол - БАҚ саласында, сондай-ақ PR саласында тәжірибесі мол адам, баспасөз хатшысы Қайсар Жұмабайұлы болды. Ол ИДМ қызметі туралы хабарлап, ұдайы брифинг және баспасөз мәслихаттарын өткізетін болады. Қайсар жүктелген міндеттерді атқаратынына сенімдімін. Сонымен бірге, ҚР ИДМ басшылығы, өзім де журналистер мен қоғам үшін бұдан әрі қарай да ашық боламыз», - деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында А.Исекешев.

Министр жазбасына қалдырған пікірінде Қайсар Жұмабайұлы «Рахмет. Артқан сенімді ақтауға бар күш жігерімді саламын», деп жазды.

Еске сала кетсек, Қайсар Жұмабайұлы 2009 жылдан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің баспасөз хатшысы қызметін атқарып келеді.

Соңғы жаңалықтар