«Қайта оралмады»: көкшетаулық әйелге іздеу жарияланды

іздеу жарияланды
Фото: ПД баспасөз қызметінен / Kazinform

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Көкшетауда із-түзсіз жоғалған әйелге іздеу жарияланды. Ақмола облысы ПД баспасөз мәліметінше, ақпанның 12-інде Марал Құттыбайқызы Әбуованың жоғалғаны туралы полицияға күйеуі келіп айтқан. 

Анықталғандай, әйел 6 ақпанда үйден кеткен, содан бері туыстарымен байланысқа шықпаған. Өзімен бірге алтын әшекейлерін ала кеткен.

«Өтініш түскен күннен бастап полиция жоғалған әйелмен қарым-қатынаста болғандарды анықтап, көруі мүмкін деген адамдар мен көршілерінен сұрастырды. Сонымен бірге ол тұрған үйдің аумағындағы, орталық саябақ пен теміржол маңындағы бейнебақылау камераларының жазбалары тексерілді. Әзірге, әйелдің қайда екені белгісіз», - деді ведомстводан.

Осы ретте, тәртіп сақшылары жоғалған әйелді көрген немесе орналасқан жерін білетін адамдар болса, дереу полицияға хабарласуын сұрайды. 

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында 42 жастағы әйел екі кішкентай баласымен жоғалып кеткенін жазған еді.

Соңғы жаңалықтар