ҚАЙТАЛАНБАС СӘТ: 7 мамыр (ФОТОРЕПОРТАЖ)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 7 мамыр күні «Қазақ Елі» монументі алаңында ҚР Президенті - Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери шеру өтті.
Шеруге 4747 адам, 227 әскери техника, 70 әскери әуе техникасы және 24 шеру тобы қатысты.
24 шеру тобының 19-ы - ҚР ҚК-нен, оның ішінде соғыс уақытының әскери формасын киген және қаруын асынған (ППШ автоматтары, Мосин винтовкалары, РПД және «Максим» пулеметтері) 3 жаяу шеру тобы болды. Сондай-ақ, Ұлттық гвардиядан - 2, Төтенше жағдайлар комитетінен - 1, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінен - 1, Мемлекеттік күзет қызметінен - 1 топ қатысты. Әскери ұшқыштар Астанадағы шеруде жоғары пилотаж көрсетті.
Салтанатты шеруді Қазақстан Республикасының Президенті - ҚР Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдады.
Алматыда 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағында Отан қорғаушылар күні мерекеленуде.
ҚР Қарулы күштері қатарында 800 жас алматылықтар бар.
Қарағандыда ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеру көшедегі экранда тікелей көрсетілді.
Елдің бас алаңымен Жеңіс жалауын алып өтті.
Батыс Қазақстан облысында ардагерлер сарбаздар ботқасынан дәм татты.
Астанадағы әскери шеру. ҚР Қорғаныс министрлігі офицерлер есебінің, Құрлық әскері, Әуе қорғанысы күштері, Әскери-теңіз күштерінің шеруі.
Павлодарда соғыс ардагерлері Отан қорғаушылар күнін мерекелеуде.
Солтүстікқазақстандықтар Қарасай, Ағынтай батырлар мемориалына гүл шоқтарын қойды.
Ақтау гарнизонының әскери қызметшілері Отан қорғаушылар күнін мерекелеуде.
Астанадағы әскери шеру. Әйелдер батальоны.
Астанада балалар үйінің тәрбиеленушілері Отан қорғаушылар күнін атап өтті.
Әскери шеру үш бөлімнен тұрады: жаяу шеру есептері, механикаландырылған колонна, әуе шеруі.
Қызылордада ҰОС ардагерлеріне мемлекеттік награда табыс етілді.
Астанада шеруде заманауи әскери техника.
Көкшетауда Кеңес Одағының батыры, жазушы, ғалым, академик Мәлік Ғабдуллинге ескерткіш ашылды. Астанада әскери шеруге Т-34 танкілері, ЗИЛ-157 автомобильдері, ЗИС-2, М-30, «Катюша» қарулары қатысты.
Қызылордадағы Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында бұл ең ауқымды шеру.
Қарағандыда Астанадағы әскери шеруді тікелей эфирден көруге Мәдениет сарайы маңындағы алаңға көптеген көрермендер жиналды: ардагерлер, әскери қызметшілер, жастар және т.б.
Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеруге ҚР Қарулы Күштерінің бес мыңдай әскери қызметшілері, басқа да әскерлер мен әскери құрамалары, 200 бірлік қару-жарақ, әскери техника, 70 тікұшақ, әскери авиация ұшағы қатысты.
Тараз көшесі бойынша «Оңтүстік» және «Мәңгілік полк» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілерінің қатысуымен марш-шеру өтті. Шеруге жүздеген мектеп оқушылары ҰОС қатысқан аталары мен әжелерінің портреттерін ұстап шықты.
Таразда Тұңғыш Президент саябағында «Оңтүстік» өңірлік әскери қолбасшылығының көркем өнерпаз күштері Отан қорғаушылар күніне, Жеңістің 70 жылдығына арнап концерт қойды.
Шеруде әскер техниканың заманауи бөлігін жарақпен жабдықталған Т-72Б танкі бастап берді. Олармен бірге алаңда жауынгерлік машиналар, «Солнепек», БТР-82 бронетранспортер, «МСТА», КамАЗ көліктері, т.б. өтуде.
Талдықорғанда Отан қорғаушылар күні құрметіне салтанатты жиын.
Әскери шеруге 24 бірлік шеру есебі, жеке құрамнан - 4747 адам, әскери техника мен қару-жарақ - 227 бірлік, ұшу аппараттары - 70 бірлік қатысты.
Петропавлда Отан қорғаушылар күнін мерекелеуде.
14 облыс және Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары әскери шеруді республикалық телеарналардан, барлық алаңда орналастырылған LED-экрандардан тікелей тамашалады. ШҚО Үржар ауданында ҰОС ардагерлеріне ескерткіш ашылды.
ҚР Қарулы Күштері шеруінің әуе бөлігінде көрермендер заманауи ұшақтар мен тікұшақтарды басқарған қазақстандық ұшқыштардың жоғары шеберлігін тамашалады.
Шымкентте ардагерлер құрметіне акцияда 10 млн теңгеден астам қаражат жиналды.
Талдықорғанда Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты рәсім Даңқ ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды.
Әуе шеруіне майдан, әскери-көлік, Су-25, Су-27, Су-30, МиГ-29, МиГ-31, МиГ-27, Ан-26, Ан-72, Ту-134, Ту-154, С-295 (Airbase Military) ұшақтары, сондай-ақ Ми-8, Ми-17, Ми-171, Ми-26, К-32, ЕС-145 (Еурокоптер) тікұшақтарымен әскер авиациясы тобы, бұдан басқа жоғары маневрлі 30СМ жойғыш ұшағы қатысты.
Көкшетауда Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты рәсім өтті. Астанадағы мерекелік отшашу.