«Қайталауға тырыспаңыз»: Қазақстандық футболшының трюгі әлемдегі танымал пабликте жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Футбол туралы әлемдегі ең танымал паблик қазақстандық спортшының трюк жасаған видеосын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

«Қайталауға тырыспаңыз»: Қазақстандық футболшының трюгі әлемдегі танымал пабликте жарияланды
Видеодан алынған кадр

Instagram-дағы @433 паблигіне 64,4 млн адам жазылған.

Қазақстандық футболшы Әлішер Келгенбай матч барысында гол соққаннан кейін, қуаныштан қақпаның белтеміріне шығып, артқа қарай сальто жасайды. Ойын Алматыда медиялық футбол лигасы аясында өткен.

Видео @433 паблигінде жарияланып, тұсына: «Үй жағдайында қайталауға тырыспаңыз», - деп жазылған.

Қазіргі уақытта видео 2,8 млн астам қаралым жинап, оған 230 мыңға жуық лайк басылған.