Қайтыс болған 1 донордың ағзалары бес адамға сәтті трансплантталды

АСТАНА. KAZINFORM - University Medical Center клиникаларында донорлық ағзаны транспланттау бойынша ота сәтті жүргізілді. Осылайша дәрігерлер донор кезегінде тұрған бес адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі. 

ота
Фото: Ақбөпе Әбдурасул

Донор инсульт алған 44 жастағы әйел болды, дәрігерлер консилиумы марқұмның миы қызметін тоқтатқанын (өлгенін) растады. Оның туыстары ағза донорлығына келісім берді.

транспланттау
Фото: Ақбөпе Әбдурасул

UMC жүрек орталығында медициналық топ 43 жастағы пациентке жүректі транспланттады.  Науқасқа бұрын механикалық қан айналымын қолдау құрылғысы (LVAD) имплантталған, соның арқасында өмір сүріп келген.

Екінші пациентке өкпені транспланттау жасалды. 

UMC Ана мен бала орталығында 15 жастағы қызға бүйректі трансплантаттау жүргізілді. Барлық реципиенттердің жағдайы қанағаттанарлық, олар мамандардың бақылауымен оңалтудан өтеді.

ота
Фото: Ақбөпе Әбдурасул

Сондай-ақ, екінші донорлық бүйрек пен бауыр Астана қаласының Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығында пациенттерге трансплантталды.

ота
Фото: Ақбөпе Әбдурасул

Донорлық ағзаларды транспланттау — ең күрделі операциялардың бірі, алайда отандық мамандар оны сәтті өткізді.

Жүрек пен өкпені транспланттау қайтыс болған донордан мидың өлімі расталған кезде ғана жүзеге асырылады. Алайда, одан әрі процесс көбінесе донордың жақын туыстарының шешіміне байланысты.

Ағзаларды транспланттауды сәтті жүргізу - бұл әртүрлі мемлекеттік және медициналық қызметтердің үйлесімді топтық жұмысы. Трансплантологтар тобы бірінші кезекте донордың жақындары мен туыстарына, ағзаларды транспланттау бойынша бірқатар күрделі операцияларды қауіпсіз жүзеге асыруға көмектескендердің барлығына алғысын білдіреді.

Соңғы жаңалықтар