Қайтыс болған «Экспресс К» газеті бас директорының денесі Үндістаннан Алматыға 25 наурызда жеткізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда қайтыс болған белгілі журналист, «Экспресс К» газетінің бас директоры Алексей Панның денесі, алдын ала мәліметтер бойынша, Алматыға 25 наурызда жеткізіледі. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қайтыс болған «Экспресс К» газеті бас директорының денесі Үндістаннан Алматыға 25 наурызда жеткізіледі

Қазіргі кезде Үндістандағы Қазақстан Елшілігі қайтыс болған отандасымызды әкелу үшін қажетті құжаттарды рәсімдеумен айналысуда.

«Теңізге батып бара жатқан балаларды құтқару үстінде көз жұмған республикамыздағы байырғы «Экспресс К» газеті директорлар кеңесінің төрағасы Алексей Панның отбасына және туыстарына шынайы және қатты қайғырып, көңіл айтамыз», - делінген сыртқы саясат ведомствосының хабарламасында.