Қайтыс болған және қаза тапқан судьяларды және судья лауазымынан зейнетке шыққан зейнеткерлерді жерлеуге арналған біржолғы ақшалай өтемақы төлеу ережесі бекітілді

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Қайтыс болған және қаза тапқан судьяларды және судья лауазымынан зейнетке шыққан зейнеткерлерді жерлеуге арналған біржолғы ақшалай өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы ақпанның 16-сындағы №156 Қаулысына қол қойды.
None
None
ҚазАқпарат осы қаулының мәтінін ұсынады.Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы Қайтыс болған және қаза тапқан судьяларды және судья лауазымынан зейнетке шыққан зейнеткерлерді жерлеуге арналған біржолғы ақшалай өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасының Сот жүйесі және соттардың мәртебесі туралы» 2000 жылғы желтоқсанның 25-індегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қайтыс болған және қаза тапқан судьяларды және судья лауазымынан зейнетке шыққан зейнеткерлерді жерлеуге арналған біржолғы ақшалай өтемақы төлеу ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы ресми жарияланған алғашқы күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МәсімовҚаулының толық мәтіні республикалық БАҚ-та жарияланады.
Соңғы жаңалықтар