Қайығы бұзылған теңізші ашық мұхитта 7 ай қалып қойды

56 жастағы Збигнев Рекет 20 мамырда Комор аралдарынан Оңтүстік Африканың Дурбан қаласын бетке ала ашық теңізге шыққан. Ұшы-қиыры жоқ мұхитта кеменің қозғалтқышы істен шығып, жел мен толқынның ағызған жағына қарай кете барады.
«Мен кемені басқара алмайтын едім. Қуатты толқындар алдымен Сомали жағалауларына, кейін Мальдив аралдары жаққа, Индонезияға әкетті, одан кейін Маврикийге қарай тартты, ақыр соңында Реюньонға барып тірелдім. Көп мәрте Жерді көрдім, бірақ жете алмай жүрдім», - дейді теңізші.
Саяхатшының ешқандай байланыс құралдары болмаған, бұдан тыс, тек бір айға жететін жолазығы бар теңізші бағдардан адасқан соң балық аулап, жаңбыр суын ішіп күн кешуге мәжбүр болған.
Мұхиттың еркіне бағынған, алайда әбден қалжырап кеткен теңізші 25 желтоқсан күні құтқарылды.