Қайырбек Сүлейменовке «Халық қаһарманы» атағы берілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Қайырбек Сүлейменовке  «Халық қаһарманы» атағы берілді

«Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын: Сүлейменов Қайырбек Шошанұлы – ішкі істер органдарының ардагері, Астана қаласы», - делінген Жарлық мәтінінде.