Қайырымды жандар Алматы облысындағы көпбалалы анаға баспана сыйлады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Еліміздегі «Қарекет» қайырымдылық қорының демеушілері 4 баланың анасы Алмагүл Құдияроваға баспана алып берді. Алматы облысындағы Ақсу ауданындағы Жансүгіров ауылының тұрғыны Алмагүлдің осыдан үш ай бұрын жолдасы қайтыс болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарекет» кайырымдылық қорының жұмыс істеп жатқанына 1 жылдан аса уақыт болған. Осы уақыт аралығында қаншама үйсіз жүрген жанұяларға баспана алып беріп, сауапты іс жасап келеді. Біздің Ақсу ауданының тұрғыны Алмагүл Құдиярова аталған қор арқылы тегін баспанаға қол жеткізген 55-ші адам. Ал жалпы қор 2018 жылы еліміздің түкпір-түкпіріндегі 60 адамның баспаналы болуына себепші болды», - деді Ақсу аудандық әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілі Құрмет Досжанова.

null

Жылдар бойы армандаған баспанасына қол жеткізген Алмагүл төрт баланың анасы. Қазір бесінші баласына аяғы ауыр.

«Қайырымдылык қорына, халқыма мың алғысымды білдіремін. Қаншама жылдар бойы далада тентіреп жүріп, баспанаға қолымыз жетті. Қуанышымда шек жоқ. Қорға атсалысып, демеуші болған барша жамағатқа алғысымды білдіремін», - деді Алмагүл Құдиярова.

null

Қуанышы еселеніп жатқан Алмагүл Құдияроваға 4 бөлмелі жер үйдің кілтін қайырымды жандар салтанатты түрде табыстады.

null null null

Соңғы жаңалықтар
telegram