Қайырымдылық акциясы: Абай ауданының тұрғындарына азық-түлік себеттері таратылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Абай ауданы еріктілерінің қатысуымен «Асар» қайырымдылық акциясы өтті. Шара барысында ҰОС және еңбек ардагерлеріне, әлеуметтік осал топтарға жататын отбасыларға атаулы көмек ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қарағанды облысының Абай ауданында тұратын 200 отбасына жалпы сомасы 1,5 миллион теңгеге азық-түлік жиынтықтары таратылды. Себетте күнделікті тұтынатын макарон өнімдері, қант, күріш, қарақұмық, сұйық май, кәмпит пен тоқаштар, орта қап пияз бен картоп және қызылша болды.

Қайырымдылық акциясына қражат меценаттардың көмегімен жиналды.

«Бізде Абай ауданында негізінен ауылшаруашылық өнімдері – картоп, пияз, қызылша секілді көкөністер өндіріледі. Сондықтан қайырымдылық акциясы барысында таратылған азық-түлік себеттеріндегі көкөніс өнімдері ауданымыздағы шаруашылықтардан, жан жақтан жиналды», - деп хабарлады Айдан ауданы әкімдігінде.

Осы секілді қайырымдылық шаралары Абай ауданында жиі ұйымдастырылып отырады. Аз қамтылған отбасыларға, мүгедектігі бар адамдар, әлеуметтік осал топтарға, көпбалалы отбасыларға, аыраушысынан айырылған және жалғызбасты аналарға көмек көрсетіледі.

Осыған дейін жоғарыда атап кеткен санаттағы тұрғындарға аудан әкімдігі 5 тоннадан астам картоп пен орамжапырақ таратқан.


Соңғы жаңалықтар