Қайырымдылық би кешінен түскен қаржы балалар мен жасөспірімдер суицидін төмендетуге жұмсалады

АЛМАТЫ. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда өтетін 5-ші қайырымдылық би кеші танымал конақтар мен өнер шеберлерінің, класиканы қастерлеушілердің басын қосады.
None
None

Шара мақсаты - Қазақстандағы балалар мен жасөпірімдердің өз-өздеріне қол жұмсауын төмендетуге әрі бұл проблемаға назар аудартуға бағытталған «Дос» онлайн қолдау орталығын құруға қаржы жинау.

Ағымдағы жылы би кешінің бағдарламасын сәйкес әлемге танымал әнші «Метрополитен опера» театрінің солисі Дмитрий Хворостовский, британдық Touch and Go поп-джаз ұжымы өнер көрсетеді.

Жиналған қаржы «Сенің өмірің баға жетпес!» жобасын жүзеге асыруға жұмсалады. Сонымен қатар бүгін «Дос» онлайн қолдау орталығының ашылуы жоспарланған. Ол 24/7 режімінде өмірде қиын жағдайға душар болған жасөспірімдерге, олардың ата-аналары мен педагогтерге білікті психологиялық көмек көрсететін болады. Қазіргі уақытта орталық тестік режімде жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар