Қайырымдылық көмек көрсету кезіндегі салық женілдіктерінің тізбесі кеңейтілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы 165-VII ҚР Заңымен Салық кодексіне қайырымдылық көмек көрсету немесе алу кезінде салықтарды есептеу бойынша өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҚМ Мемлекеттік кірстер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салық кодексінің 1-бабының жаңа редакциясына сәйкес салық салу мақсаттары үшін төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаға мүлікті өтеусіз негізде беру қайырымдылық көмек деп танылады.

Жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыздық үлесі бар заңды тұлға қор нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымнан өтеусіз алынған мүлік құнын, мемлекеттік меншік объектілерін күрделі жөндеу мен реконструкциялау құнын корпоративті табыс салығы бойынша кірісіне қоспайды.

«Қор нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым қайырымдылық көмек шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өтеусіз негізде беру кезінде қосылған құн салығынан босатылады»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар