Қайырымдылық қорынан жарты миллион доллар ұрлаған

АСТАНА. ҚазАқпарат – Британдық азамат сотта әскерилерге қолдау көрсететін Help for Heroes ("батырларға көмек") қайырымдылық қорына тапсырылған 300 мың фунт стерлингтен астам ақшаны ($500 мың) қалтасына басқанын мойындады

Қайырымдылық қорынан жарты миллион доллар ұрлаған

51 жастағы Кристофер Коупленд Англия және Уэльс әмбебап дүкендерінде ақша жинайтын пункттер ашқан. Барлық ақшаны өз шотына аударып отырыпты. Оның алаяқтыққа барғанын сезген еріктілердің бірі полицияға хабарлады. Осылайша оңай жолмен ақша таппақ болған азамат қолға түсті. Судьяның сөзіне қарағанда, Коупленд ұзақ мерзімге бостандығынан айырылмақ, деп хабарлады BBC.