13:48, 04 Қазан 2013 | GMT +5
Қайырымдылық шарасының аясында Антонио Бандерас Қазақстанға бірінші рет келді
АЛМАТЫ. 4 қазан. ҚазАқпарат - Мен Қазақстанға бірінші рет келдім. Маған адамдармен араласқан ұнайды және қазақстандықтармен кездесуде олардың әрқайсысына көңіл бөлуге тырысамын.

Бүгін Алматыда өткен баспасөз конференциясында танымал Голливуд актері Антонио Бандерас осылай айтты.
А.Бандарес «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Өмір сүр, сәби» жобасына 38 миллион теңге көлемінде чек берді.
«Аяла» қорының президенті Айдана Сүлейменова бұл қаржының Орал, Ақтау, Түркістан қалаларында облыстық перинаталдық орталықтарды медициналық қондырғымен жабдықтау үшін жұмсалатынын айтты.
Балалардың жансақтау бөлімдері ерте босануға байланысты салмағы аз, шала туған сәбилерге қажетті қондырғымен жабдықталады.