KAZ Minerals Тобы Петропавлдағы сорғы станциясының күрделі жөндеу жұмысын қаржыландырды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM - Петропавл қаласындағы НС-1 бірінші деңгейлі көтергіш сорғы станциясының реконструкциясы аяқталды. Жұмысты KAZ Minerals Тобы қаржыландырды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

KAZ Minerals Тобы Петропавлдағы сорғы станциясының күрделі жөндеу жұмысын қаржыландырды
Фото: KAZ Minerals

Петропавлдағы сорғы станциясы 1974 жылы іске қосылған. Сол уақыттан бері мұнда жөндеу жұмысы жүргізілмеген. 2024 жылғы су тасқыны кезінде қала сусыз қалғаннан кейін станцияны жөндеу туралы шешім қабылданғанда KAZ Minerals Тобы көмекке келді.

СҚО әкімдігі мен KAZ Minerals Тобының арасында меморандумға қол қойылды. Бүгінде Петропавл ауызсумен үздіксіз қамтамасыз етіліп жатыр. Ал станцияның суға кету қаупі жоқ десек болады, - дейді СҚО облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тушанов.

Реконструкция насосной станции в Петропавловске
Фото: KAZ Minerals

Жобаның құны 3,2 млрд теңге. Бір жыл ішінде «Stonehenge Construction» ЖШС мердігер компаниясы көп жұмыс атқарды.

- Жоба өте ауыр болды. Бірінші деңгейлі көтеру станциясы үздіксіз жұмыс істеп тұрған кәсіпорын, себебі қаланы ауыз сусыз қалдыра алмаймыз. Жұмыс аймақты су алып кеткен кезде де тоқтамады. Модернизациялау жұмысы рекордтық қысқа мерзімде аяқталды. Барлық құрылғылар ауыстырылды. Ескірген сорғылардың орнына Grundfos (Дания) фирмасының заманауи, қуатты үнемдейтін қондырғылары орнатылды. Олардың басты артықшылығы – қорғаныс қабілеті жоғары. Бұл агрегат су басқанда да жұмыс істей береді. Станцияны сумен қамтамасыз ету жүйесін де ауыстырдық. Кешенді трансформаторлық подстанция мен барлық маңызды энергетикалық құрылғыларды 3,5 метр биіктікке көтердік. Одан бөлек, жаңа сорғы станциясының автоматты жүйеде жұмыс істейтінін атап өту қажет, - дейді «Stonehenge Construction» ЖШС құрылыс менеджері Тимур Жабайқанов.

Реконструкция насосной станции в Петропавловске
Фото: KAZ Minerals

Стратегиялық маңызды нысан 96 мың абонентті сумен қамтамасыз етеді. Оның ішіндегі 93 мыңы – жеке тұлғалар.

- Станцияның қайта жөндеу жұмысы маңызды шешім. Былтыр нысанды су басып, қала ауыз сусыз қалғанда сумен қамтамасыз етудің балама түрлерін іздестіруге мәжбүр болдық. Станция 24 күн жұмыс істеген жоқ. Енді оның суға кету қаупі азайды. Қондырғы халыққа ұзақ қызмет көрсетеді деген үміттеміз, - дейді «Қызылжар су» ЖШС бас директоры Жеңіс Сұлтанов.

Реконструкция насосной станции в Петропавловске
Фото: KAZ Minerals

Негізгі жұмыстарға қоса станцияны айналдыра биіктігі 4,5 метр, ұзындығы 600 метр бөгет тұрғызылды.

Сорғы станциясын күрделі жөндеумен қатар KAZ Minerals Тобы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға да көмектесті. Компания тұрғындарға 564 пәтер сатып алып, 80 тұрғын үй құрылысын және Петропавлдың «Бірлік» ықшамауданындағы 420 үйдің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын қайта жөндеу жұмыстарын қаржыландырды.

Соңғы жаңалықтар