Қаза болған милиционерлердің туыстарына материалдық көмек көрсетілді - Бішкек

БІШКЕК. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Қырғызстан елордасында діни лаңкестік топ мүшелерінің қолынан қаза тапқан милиционерлердің туыстары қатысқан шара өтті.
None
None

Естеріңізге сала кетейік, 5 қаңтарға қараған түні Бішкектегі көппәтерлі үйлердің бірінде құжаттарды тексеру кезінде милицияның үш қызметкері мерт болған еді. Қырғызстанның құқық қорғау органдары қылмыскерлерді анықтады, олар діни экстремистік топтың мүшелері болып шықты. Оларды ұстау операциясында «Альфа» арнайы жасағының бір қызметкері оққа ұшты.

«Қызметтік борыштарын атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдарының қызметкерлері өз Отандарына адал қызмет етудің жарқын үлгісін көрсетті. Туған-туыстары, әріптестері, Қырғызстанның барша халқы оларды ұмытпайды. Қаза тапқан тәртіп сақшыларының туған-туыстары мен жақындарына мемлекет басшысы Роза Отынбаеваның және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын», - деді Қырғыз Президентінің кеңесшісі Сұлтан Раев. Ол сондай-ақ мерт болғандардың туыстарына материалдық көмек табыс етті.

Елдің ішкі істер министрі Зарылбек Рысалиев өз сөзінде, қазір қаза тапқандардың отбасыларына пәтер беру мәселесі қаралып жатқанын жеткізді.

Милиционерлердің туған-туыстары өз кезектерінде, мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлыққа алғыстарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар