Қаза болған офицердің есімі Алматы облысындағы мектепке берілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Жылыбұлақ ауылында қызметтік міндеттерін орындау кезінде көз жұмған аға лейтенент Әлішер Мошабаевты еске алу шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  
None
None

ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметіне қарағанда, офицер Ә, Мошабаев туып-өскен Жылыбұлақ аулындағы орта мектепке оның аты беріліп, білім ордасында естелік бұрышы ашылды. Осы орайда бұл жерде офицердің жеке заттары, наградалары мен грамоталары сақталуда.

Естеріңізге сала кетейік, 17 ақпан күні Жамбыл облысында төтенше жағдай орын алды. Көксай шатқалында әскери қызметшілердің оқу-жаттығу жоспары  қайғымен аяқталды. Қар көшкіні жүріп,  табиғи апат салдарынан ға лейтенент Ә. Мошабаевтың өмірі қиылған болатын. 

null null null 

Соңғы жаңалықтар