10:55, 18 Қазан 2012 | GMT +5
Қаза тапқан палестиналықтардың туыстары қажылыққа баратын болды
АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының королі Аубуллаһ ибн Аудулазиз соғыс кезінде мерт болған палестиналықтардың 2 мың туысын қажылық парызын өтеуге арнайы шақырды.
ҚМДБ ресми сайтының мәліметінше, елдің қажылық істер бойынша министрі Мұхаммед Хаджара палестиналық қажыларды орналастыру мақсатында арнайы атқару комитеті құрылып, қызу жұмысқа кірісіп кеткенін айтқан. Бүгінде комитет өкілдері құзіретті органдармен бірлесе отырып, қонақтардың виза және тасымалдау мәселелерімен айналысуда. «Оларға қажетті барлық қызмет түрлерінің көрсетіліп жатқанын біз өз бақылауымызға аламыз» - деді өз сөзінде министр.