Қаза тапқандар бар: Сан-Паулуда ұшақ адамдар көп жүретін даңғылға құлады

АСТАНА. KAZINFORM – Сан-Паулудағы Маркес-де-Сан-Висенте даңғылына құлаған ұшақ автобусқа соғылған, деп жазады Report.

Қаза тапқандар бар: Сан-Паулуда ұшақ адамдар көп жүретін даңғылға құлады
Фото: edition.cnn.com

Жергілікті өрт сөндіру қызметінің хабарлауынша, ұшақ апатынан кемінде екі адам қаза тапқан. Автобус жолаушыларының бірі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қалған жолаушылар жанып жатқан көліктен аман-есен шығарылған. 

- Қаза болған екі адамның мәйіті Beech F90 King Air ұшағының фюзеляжынан табылды, - деп хабарлады G1 басылымы. 

Айта кетейік, бұған дейін Вашингтонда өзеннен әскери тікұшақ қалдықтары табылды. Сондай-ақ Америка билігі Аляска штатында із-түзсіз жоғалып кеткен ұшақты іздестіріп жатқанын хабарлаған едік. 

 

Соңғы жаңалықтар