«ҚазАэронавигация» қаржысының бір бөлігін теңгеде ұстауға дайын
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысынан кейін инвестициялар және даму министрлігінде Елбасы қойған міндеттерін іске асыру жөнінінде кеңес өтті, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кеңес қорытындысы бойынша, ҚР Инвестициялар министрлігі қаражаттарының бір бөлігін ұлттық валютаға аударып отыруға әзір екендіктерін хабарлады. «Біздің кәсіпорын шетелдік компанияларға аэронавигацилялық қызмет көрсетіп отырады. Өз қызметімізді шет елге экспорттағандықтан пайданы шетелдік валютамен алып отырамыз. Сондықтан, жұмыс ерекшеліктеріне байланысты біздің кәсіпорын өз қаржысының бір бөлігін теңгеге айырбастап отырады, ал кейбір операцияны шетелдік валютамен жүргізуге мәжбүрміз», деп атап көрсетті ҚР Инвестициялық және даму министрлігінің «ҚазАэронавигация» РМК бас директоры Азат Бектұров. Еске сала кетейік, Елбасы ұлттық компанияларды ұлттық валютаны қолдауға шақырған болатын.