«Қазаэронавигация» РМК қызметтеріне жаңа тарифтер бекітілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті «Қазаэронавигация» РМК-нің ішкі маршруттар бойынша (ҚР шегінде) ұшуларды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету жөніндегі қызметтеріне тарифтерді бекітуге арналған өтінімін қарады.
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өтінімді қарау нәтижелері бойынша 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін аэронавигациялық қызметтерге тарифтер мәлімделген 278 және 116%-дың орнына 20 және 17 %-ға өскен:
Көрсетілетін қызметтер
Мәлімделген тариф
2016-2020 жылдарға бекітілген тариф
ең ауыр ұшу массасы 50-ден 100 тоннаға дейін әуе кемелері үшін әуе кеңістігінде аэронавигациялық қызмет көрсету
278%
20%
әуеайлақ маңындағы аэронавигациялық қызмет көрсету
116%
17%
«Қазаэронавигация» РМК-нің тарифтері 17 жыл бойы өскен жоқ.
Кәсіпорын үшін тарифтердің өзгеруінің негізгі себептері: инвестициялық бағдарламаны іске асыру; жалақының өсуі персонал санының ұлғаюымен, оны индекстеумен және қосымша іздестіру-құтқару функциясының берілуімен байланысты болып табылады.
Сондай-ақ жабдықты жөндеуге, техникалық қызмет көрсетуге арналған өндірістік шығындар ұлғайтумен қабылданды, бірақ бұл ретте әкімшілік сипаттағы шығындар өзгеріссіз қалдырылды.
«Қазаэронавигация» РМК үшін инвестициялық бағдарлама ең алдымен бұған әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі мен тұтастай алғанда, жүйенің өткізу қабілеттілігі тәуелді болатын аэронавигациялық қызметтің сенімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріле отырып бекітілгенін атап өту маңызды. Осыған байланысты, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетімен бірлесіп бекітілген «Қазаэронавигация» РМК-нің инвестициялық бағдарламасы бастапқы және моноимпульсті радиолокаторларды, ILS қону жүйесін, сондай-ақ авиациялық электр байланысы мен ақпараттық коммуникацияны дамыту үшін жабдықты сатып алуды көздейді.
Инвестициялық бағдарлама алқалы түрде авиакомпаниялардың қатысуымен қаралды. Айталық, мысалы, авиакомпаниялардың көпшілігі пайдаланбайтын жабдықты сатып алу алып тасталды.
Авиабилеттер құнының құрылымында аэронавигациялық қызмет көрсету қызметтері шамамен 2%-ды құрайды. Бұл ретте, олардың авиабилеттердің шекті құнына «әсері» авиакомпанияға байланысты орта есеппен 170-400 теңге. Мысалы, Астана-Алматы бағытында аэронавигациялық қызметтердің авиабилеттің бағасына «әсері» 200 - 450 теңге.