«ҚазАгро» агроөнеркәсіп кешені саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы үздік материалдарға «Агро PR» байқауын өткізеді

ТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Холдингтің 5 жылдығына орай агроөнеркәсіп кешені саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы үздік материалдарға «Агро PR» байқауын өткізеді.

«ҚазАгро» агроөнеркәсіп кешені саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы үздік материалдарға «Агро PR» байқауын өткізеді

Холдинг баспасөз қызметінің хабарлауынша, байқаудың мақсаты - Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауындағы агроөнеркәсіп кешеніне қатысты тапсырмаларын жүзеге асырып жатқан мемлекет жұмысын халыққа кеңінен насихаттау.

Байқау міндеті еліміздің агроөнеркәсіп кешені саласын дамыту мақсатында холдингтің атқарып жатқан жұмысы мен агроөнеркәсіп саласындағы жетістіктерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап жүрген журналистер мен мақала авторларын марапаттау болып табылады.

Байқауға республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері мен мақала авторлары, телестудиялар, ақпарат агенттіктері, ақпараттық веб-порталдар қатыса алады.