«ҚазАгро» алдағы егін егу науқанын қаржыландыруға 74,3 млрд.теңге бағыттауды жоспарлауда

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Ауыл тұрғындарына алдағы егін егу науқанына көмек ретінде «ҚазАгро» ұлттық холдингі шамамен 74,3 млрд. теңге бағыттауға ниетті,
None
None

деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты холдинг баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2013 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру үш қаражат көздерінен жүзеге асырылады - 60 млрд.теңге сомасындағы тартылған бюджеттік несие, 600 млн.теңге көлеміндегі АШҚҚҚ меншікті қаражаты, 13,7 млрд.теңге Азық-түлік корпорациясының мемлекеттік ресурстарға астық сатып алуға бөлінген қаражаты есебінен», - делінген «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ өз мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы несиелер өткен жылғы несие өнімдеріне ұқсас екінші деңгейлі банктердің және астық қолхаттарының кепілдігімен шағын несие ұйымдарының жүйесі арқылы, сондай-ақ ӘКК кепілдігімен форвардтық сатып алу арқылы берілетін болады.

Оған қоса, биылғы жылы Аграрлық несие корпорациясы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге ыңғайлы болу үшін Несие серіктестігі жүйесі арқылы және міндеттемелері бойынша орындау мерзімін кейінге қалдыру арқылы қосымша несие өнімдерін енгізеді.

Осылайша, шаруаларға бұл қаражат жылдық 5 пайызбен 2013 жылғы желтоқсанның басына дейінгі мерзімге беріледі. Егер, шаруашылық өсірілген өнімді өткізуді келесі жылға дейін «ұстай тұрғысы» келсе, тиісінше өздерінің қаржы міндеттемелері бойынша шешсе есеп айырысуды 2014 жылғы наурызға қалдырса, сыйақы ставкасы 7 пайызды құрайды. Және де өсімдік шаруашылығы саласындағы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін жалпы қолдау шеңберінде Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Егінжай» бағдарламасын іске асырады.

Несие ресурстарымен қамтамасыз етуден басқа «ҚазАгро» ұлттық холдингі көктемгі егіс шараларын техникалық жарақтандыру жұмыстарын жүргізеді. Холдинг құрылымындағы лизинг компаниясы «ҚазАгроҚаржы» АҚ өндірушілер мен жабдықтаушылармен 266 бірлік түрлі ауыл шаруашылығы техникасына арналған шарттар жасады.

Қазіргі уақытта шаруашылықтармен 6,6 млрд.теңге сомасына 140 бірліктен астам техниканы сатып алуға шарттар жасалды.

Соңғы жаңалықтар